АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Алматының Бостандық ауданында ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті.
Полицияның мәліметінше, Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының жанынан арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалды полициясының тәжірибелі із кесушілері де кірген.
"Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған шұғыл және тергеу шаралары кешені жүргізілуде. Шығынның нақты көлемі анықталып жатыр", — деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ломбард кассирі зардап шекпеген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.