АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Түрікменстанда тұрып жатқан қазақтардың саны алты есе азайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сенат отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Түрікменстанда тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны этникалық қазақтардың тарихи отатына оралуына байланысты айтарлықтай азайды. Қолда бар ақпарат бойынша Түрікменстан аумағында қазіргі уақытта 20 мыңға жуық қазақ тұрып жатыр. Салыстыру үшін айтсақ, 1990 жылы сол кездегі статистика бойынша қазақтардың саны 120 мың болған", — деді Әбдірахманов.
Ал Қазақстанда бүгінгі күні 5 мың этникалық түрікмен тұрып жатыр. Олардың көпшілігі Маңғыстау облысында өмір сүруде.