АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген аты аңызға айналған әнші Майкл Джексонға арнап сахналық костюмдер тіккен дизайнер Гоко Залдимен бірге серіктестікті бастады, бұл туралы Димаш әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тыңдармандарымен бөлісті.
"Джексонның, Леди Гаганың дизайнері. Қазіргі күндері маған көмектесіп жүрген Залди мырза. Серіктестігіміз үшін командасымен Американың Лос — Анджелес қаласынан келді. Көптеген марапаттардың иегері", — деп жазды Димаш.