Видео

Серік Сәпиев шыршаны өз медальдарымен безендірді

Жазылу
НовостиTelegram
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атыраулық спортшылардан эстафета алып, шыршаны өз медальдарымен безендірді

"Мен Атырау спортшыларының чемпиондық challenge эстафетасына қолдау көрсетіп, шыршаны медальдармен безендірдім. Мемлекет басшысы спортты насихаттау керектігін үнемі айтып отырады, міне осындай шаралар соған түрткі болмақ. Эстафетаны барлық спортшыға жолдаймын, осы жаңа жылдық эстафета барынша ұзаққа созылсын", — деді Серік Сәпиев.

Чемпиондық шырша алғашқы рет 24 желтоқсанда Атырауда медальдармен безендірілді. 26 желтоқсанда Қарағанды спортшылары эстафетаны одан әрі жалғастырған.

Атыраулық спортшыларды қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев те қолдады. Спортшы Лос-Анджелестегі шыршалардың бірін ҚР туымен безендірген.


Жаңалықтар
0