Өңірлер

Ауа райы болжамы: боран соғып, көктайғақ болады

© AP Photo / Sergei GritsАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ, тұман болады

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, көктайғақ, жел болады — 15-20, түнде ұйытқуы — 25 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20, түнде ұйытқуы — 23 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында – тұман, боран, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады, желдің екпіні  — 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Жаңалықтар
0