АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Алматы хайуанаттар бағындағы Хан атты кәрі арыстан өлді, деп хабарлады хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев.
Ол 2004 жылы Қазақстанға Франциядан әкелінген 15 жастағы жыртқыштың өліміне қанның онкологиялық ауруы себеп болғанын атап өтті.
"Соңғы күндері Ханның жағдайы нашарлап кетті. Біз жыртқыштар үйінде шұғыл госпиталь ашуға шешім қабылдадық, диагностика жасау үшін барлық қажетті жабдық орнатылды. Ханға бақыланбалы наркоз беріліп, тексеріс жүргізілді. Физиологиялық өзгеріс арыстанға өмір сүруге мүмкіндік бермейтіні анықталды. Эвтаназия жасау мәселесі талқыланған болатын, алайда Хан наркоздан оянған жоқ", — деп жазды Еркінбаев Instagram-дағы аккаунтына.
2016 жылы Алматы хайуанаттар бағында Мелман керігі мен Құралай қаншыры уланып өлген болатын. 2017 жылдың сәуірінде Пржевальский жылқысы өлді.