АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте дауыл соғып, бірнеше жаңа жылдық шыршаны құлатып кетті, деп хабарлайды "Отырар" өңірлік басылымы.
Желдің қатты ұйытқуы салдарынан сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Әл-Фараби алаңындағы, Қалдаяқов аллеясындағы және облыстық әкімдік ғимараты алдындағы жасанды ағаштар құлап қалды.
"Ақпарат әкімдік кезекшісіне хабарланды. Шыршаларды қалпына келтірумен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі айналысып жатыр", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан қалада шатырлар бүлініп, жеке сектордағы билбордтар мен жарнамалар қирады, бағаналар да құлап қалған. Кей аудандарда жарық сөніп қалыпты.

Шымкенттегі дауылдың салдары

Шымкенттегі дауылдың салдары

Шымкенттегі дауылдың салдары

