Өңірлер

Ауа райы болжамы: бүгін қар жауып, күн құбылмалы болмақ

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКептер
Кептер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болмақ, қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, бұрқасын — 30 м/с асады, кей аудандарда боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақтөбеде Жаңа жылдық шырша құлап қалды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде жаңа жылдық шырша құлап қалды

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23-28, облыстың оңтүстік-батысында — 30 м/с асады.

Қызылорда облысында желдің екпіні — 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, кейбір аудандарда — тұман, көктайғақ.

Павлодар облысында желдің екпіні — 15-20 м/с, кей жерлерде боран соғып, тұман тұседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысында – боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел күшейеді — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында, түнде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-22, бұрқасын — 25 м/с.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні — 18-23 м/с.

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – боран, көктайғақ, тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Жаңалықтар
0