АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Кеңес одағы және Ресей композиторы Владимир Шаинский 93 жасында дүние салды, деп хабарлайды РИА Новости музыканттың ұлы Вячеслав Шаинскийге сілтеме жасап.
"Иә, қайтыс болды", — деп Вячеслав Шаинский агенттікке хабарлаған.
Композитор, Ресейдің халық әртісі Владимир Шаинский 1925 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Балалар композиторы көптеген керемет туынды жазған: "Трое против Марабука" балалар операсы, "Аз, Буки, Веди", "Путешествие Нильса", "Восьмое чудо света", "Лифт", "Джельсомино и пираты", "По сказкам и континентам", "Рэкет", "Жених для приданного" мюзиклдері.
Ол 400-ден аса әндер жазған, басым көпшілігі балаларға арналады. Олардың арасында Чебурашка мен Крокодил Гена туралы мультфильмге арналған музыка, "Когда мои друзья со мной", "Облака", "Песенка мамонтенка" және "Чунга-Чанга" әндері бар.