Қоғам

Пойызға мініп, елді аралаған дәрігерлер бригадасы 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті

© Photo : КТЖ Медициналық пойыз
Медициналық пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар 225 мыңдай диагностикалық процедура жүргізген

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. "Саламатты Қазақстан" және "Денсаулық" медициналық пойыздары 75 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

пойыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа вокзалынан 54 пойыз қатынайтын болады

"Саламатты Қазақстан" және "Денсаулық" кеңес беру диагностикалық пойыздарының дәрігерлік бригадалары 253 күнде шалғай теміржол станцияларындағы 75 мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді. Пойыздың дәрігерлік бригадаларына тұрғындар 440 мың рет қаралса, олардың 255 мыңына диагностикалық тексеру жүргізілген. 850 рет шағын амбулаториялық оталар жасалды. Маммологтар 8 мың әйелді қарады. 19 мың тұрғын стоматологиялық қызмет көмегіне жүгінді. Медициналық пойыздардың жобасы шалғайдағы тұрғындарды тегін медициналық көмекпен қамтудан туындаған болатын", — делінген хабарламада.

"Денсаулық" пойызының бастығы Дүйсен Балымбетовтің айтуынша, медициналық пойыз елдің оңтүстігінен бастап батыс өңірін түгел аралады.

"Біздің пойыздар заманауи емдеу және сауықтыру құрылғыларымен қамтылды. Біздің пойыз бригадамыз дәрігерлердің өздеріне де барынша қолайлы жағдай жасады. Пойыз құрамы интернет, душ, қалалық телефон, теледидармен қамтамасыз етілді", — дейді Балымбетов.

Биылғы 12 сәуірден бастап медициналық пойыздар барлық облыстардың 252 теміржол станциялары мен жол айырықтарын қамтыды.

Медициналық бригадалар бірінші және жоғары санатты білікті мамандардан жасақталды.

Жаңалықтар
0