АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Жануарларға айуандық істеген ер адам айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
Елорда тұрғыны мысықтың үш баласын пакетке салып, бесінші қабаттан көшеге лақтырып жіберіпті. Салдарынан мысықтардың үшеуі де өліп қалған.
Істі №2 Алматы аудандық соты қарап, ер адамды айыпты деп таныды. Жасаған қиянаты үшін оған 25 АЕК көлемінде, яғни 56 мың 725 теңге айыппұл салынған.
Үкім заңды күшіне енді.