Қоғам

Елордада дабылды ескерту жарияланды

© AP Photo / Sergei GritsБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада боран соғады

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Астанада қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

"Астанада желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді, боран соғып, қар жауады", — делінген таратылған дабылды ескертуде.

Бұдан бөлек, елордада аз уақытқа күн жылынуына байланысты көктайғақ болады, сол себепті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге мұқият жүру ескертілген.

Бүгін түстен кейін Астанада оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтын болды.

Жаңалықтар
0