АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Риддер трассасында жолаушылар автобусы аударылды, жеті адам зардап шекті деп хабарлайды ІІМ ТЖ жөніндегі комитет өкілі Руслан Иманқұлов.
Жол апаты сейсенбі күні таңертең болған.
"Алты адам ауруханаға жеткізілді, бастапқы мәлімет бойынша, оларды Секисовка ауылының жедел жәрдемі апарған. Автобус жүргізушісі Өскемен қаласындағы "Апаттар медициналық орталығына" жатқызылды", — деп мәлімет берді Иманқұлов. Қалған жолаушылар жолай көлікке мініп, сапарларын әрі қарай жалғастырған. Автобуста барлығы 13 адам болыпты.
Комитет берген мәліметке сүйенсек, күндіз трассаның осы бөлігінде жүк көлігі мен жолаушылар автобусы үшін қозғалыс шектелген.