Экономика

Назарбаев: қазақстандықтарды акция арқылы баюға үйретеміз

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивное фото
Калькулятор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы отандық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы қазақстандықтарды акциялармен жұмыс істеуге үйрететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев Салық кодексіне қол қойды

"Қазақстандықтар әзірге биржаның не екенін білмейді, акциялармен жұмыс істей алмайды. Ал америкалықтардың 70 пайызында қолдарында акциялары бар. Олар сонымен қосымша ақша тауып, акциялардың котировкаларын бақылап отырады. Біз қазір қазақстандықтарды акцияға ақша құйып, дивиденд алып, осы іспен баюға үйретеміз", — деді Елбасы.

Президент "Астана" ХҚО құру кезінде Дубай тәжірибесі толық зерттелгенін атап өтті. 

"Дубай тәжірибесі бізге жақын болды, біз соны қабылдадық. Мұнда ағылшын құқығы, ағылшын тілі қолданыста біледі. Мен судьяны бекітіп қойдым, ол Лондонның бас судьясы болған. Мұндай орталық Орталық Азияда жалғыз, тіпті Ресейде де жоқ. Дүниежүзілік банк, Ислам банкі, Азия банкі, Еуропа банкі осында өз офистерін ашып, ақша құятын болады", — деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0