Өңірлер

Көкшетауда жүргізуші бұрынғы сүйіктісін қасақана қағып, қашып кеткен

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖол апаты болған жер, архивтегі фото
Жол апаты болған жер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік иесі көз жұмған әйелмен бұрын бірге тұрғаны анықталды

АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik.  Көкшетауда автокөлік жүргізушісі бұрынғы сүйіктісін қасақана қағып өткен, әйел сол жерде көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментінен.

Облыс орталығының ішкі істер басқармасына бүгін сағат таңғы тоғыздың шамасында серіктестік директоры қоңырау шалып, фирма аумағында BMW X5 көлігінің жүргізушісі мекеменің 37 жастағы бухгалтерін қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.  

Архивное фото пешеходного перехода и светофора на городском проспекте - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда базар маңында адам қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті
Полицейлер автокөлікті ізін суытпай ұстады. Рөлде бұрын билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болған.     

Ер адам көз жұмған әйелмен бұрын бірге тұрғаны анықталды, араларында бала болмаған. Әйелдің артында 14 жасар ұлы қалды.

Полицияның болжамынша, күдікті бұрынғы ғашығын күтіп отырып, жұмысқа келген бетте қасақана соғып өткен.   

Құқық қорғаушылар автокөлік иесін уақытша ұстау абақтысына қамады.  Оған қарсы "Кісі өлтіру"бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  


Жаңалықтар
0