АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің Павлодарда өткен атышулы концертінен тағы бір видео жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Инстаграмдағы dubsmash_kaz парақшасында жарияланған видеоны залдағы көрермендердің бірі түсірген. Бейнежазбадан әншінің кішкентай қызбен суретке түсіп жатқанын аңғаруға болады. Осыдан кейін Төреғали концертіне жиналған тыңдармандарынан кешірім сұрайды.
Осы сәтте балкон жақтан бір ер адамның сахнадағы әншіге айғайлап, "Ты позоришь Кызылорду" дегені естіледі. Ер адамның сөздері ашуына тиіп кеткен болуы керек, Төреғали "Ты кто такой? Давай, до свидания" деп оны залдан шығаруды бұйырған.
Әншінің сахнада дөрекі сөйлегені тыңдарман қауымның наразылығын туғызды. Қазнетте Төреғалидің концертінде түсірілген видео бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр.