Оқиға

Қарағандыда әйел адам аяғы тайып құлап, көз жұмды

© Sputnik / Валерий Титиевский / Медиабанкке өтуКөктайғақ
Көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
52 жастағы әйелдің неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін белгілі болмақ

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда әйел адам көшеде келе жатып, аяғы тайып құлап, көз жұмды. 

Куәгерлердің айтуынша, 52 жастағы тұрғын дүйсенбі күні таңертең құлап, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Қарағанды ішкі істер департаментінің мәліметінше, өлімнің себептері әлі анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Дегенмен, бастапқы деректерге сүйенсек, денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмапты.

Қарағандыда кешеден бері жауын-шашын мол түсіп, қала көшелері көктайғаққа айналды. Соның салдарынан көліктің барлық түрі үшін бүкіл бағыт бойынша жолдар жабық.

Жаңалықтар
0