АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курорты ТМД елдеріндегі ресейлік туристер Жаңа жылды қарсы алуға баратын ең үздік үш жердің қатарына енді.
Tvil.ru баспана жалдау қызметі атап өткендей, рейтинг туристердің 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жалға алатын баспаналар туралы мәліметтер бойынша жасалған.
"Алматыда туристтер Жаңа жылды қарсы алу үшін Шымбұлақ демалыс орнына барады, орташа есеппен алты күн үшін тәулігіне 3200 рубль (18240 теңге) жұмсамақ", – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ресейліктер арасында Астана, Алтай таулары да үлкен сұранысқа ие.
ТМД қалаларының ішінде үздік бестікке Минск, Баку, Алматы, Тбилиси және Ереван енеді.