Саясат

Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолы салынады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"Тас жол
Тас жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін болады

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолын салу талқыланып жатыр, деп хабарлады Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілістегі үкімет сағатында.

Қазақстан және Қытай тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әбдірахманов Қытаймен ынтымақтастық қалай дамитынын айтты

Министр Моңғолияда қазақ диаспорасының болуына байланысты бұл елдің Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алатынын атап өтті.

"Екіжақты қарым-қатынастардың басымдыққа ие мәселелері – Баян-Өлгий аймағында консулдық пунктін ашу, сондай-ақ Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін Қазақстанды Моңғолиямен байланыстыратын автокөлік жолының құрылысы болып табылады", — деді Әбдірахманов үкімет сағатында. 

Бұдан бөлек, министр Қазақстанның Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдерімен көпжақты әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін айтты.

Жаңалықтар
0