АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астана қаласы ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасы мекенжайын ауыстырғанын хабарлады.
Бұдан бұрын Сейфуллин көшесі, 29 мекенжайында орналасқан еді. Ал қазір Иманов, 31 көшесіне ауысты.
Жаңа мекенжайда көші-қон бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер 2017 жылдың 25 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылмақ.