АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Boxingnews24 порталы қазақстандық Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп атады.
"Геннадий Головкин мен Василий Ломаченко арасында таңдау жасау қиын болды, алайда Головкин Даниэл Джейкобс пен Сауль Канело Альвареске қарсы тамаша жекпе-жек өткізгені үшін үздік деп танылды", — деп түсіндірді порталдың шолушысы Шон Джонс.
Үздік боксшылардың тізімі:
1. Геннадий Головкин
2. Василий Ломаченко
3. Теренс Кроуфорд
4. Энтони Джошуа
5. Срисакет Сор Рунгвиса
6. Андре Уорд
7. Александр Усик
8. Джермелл Чарло
9. Эррол Спенс
10. Майки Гарсия
Айта кетейік, 2018 жылдың 5 мамырында Головкин мен мексикалық Сауль Альварес реванш өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл боксшылардың арасындағы алдыңғы жекпе-жек тең аяқталды.