Экономика

Қырғызстан Қазақстанның ұнына салынған шектеудің күшін жойды

Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәлімдеуінше, Қырғызстан ЕАЭО туралы шарттың талаптарын бұзып келді

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қырғыз Республикасы Қазақстан, Армения, Беларусь және Ресейден ұнның жеткізілуіне салынған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Қырғызстанға ұн мен бидай тасымалдайтын кәсіпкерлері үшін бірдей салық шарттары бекітілді. 

қамыр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қырғызстан Қазақстаннан ұн әкелуге тыйым салды

"Біз Қырғыз Республикасының ЕАОЭ-ның ішкі нарығында кедергілерді жою бойынша қабылдаған шешімдерін қолдаймыз және тек бірлесе күш салсақ  қана Одағымыздың шектеулер мен кедергілерсіз толыққанды жұмыс істеуіне қол жеткізе аламыз деп есептейміз", — деді ЕЭК өкілі Карине Минасян.

Өткен жылдан бастап Одақ елдерінен жеткізілген ұнға 12% бойынша қосылған құн салығы салынып келді. Ал импорттық бидайдан өндірілген ұнды сату салықтан босатылды. 

Еуразиялық экономикалық комиссия атап өткендей, Қырғызстан заңнамасының бұл тармағы ЕАОЭ туралы шарттың талаптарын бұзып келді. 

Салық жеңілдіктерін алып тастаған Қырғыз Республикасының № 194 заңы 16 желтоқсанда күшіне енді. 

 

 

Жаңалықтар
0