Қоғам

Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

CC0 / Anton Eine / Микрофон в руке
Микрофон в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әншінің басы дауға қалып отыр

АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тарады.

Видеодан әншінің концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, соңында "Ұнамай ма? Шығып кетіңіз!" деп айтқанын көруге болады.

Желі қолданушылары Төреғалидің бұл оғаш қылығына наразы болып, ел баласына тән емес мінез көрсеткен әншіні сөгіп жатыр. 

Халықтың сынына ұшыраған әнші инстаграмдағы парақшасына "Өтірік" деп жазып қойған.

Жазбаның астына пікір қалдырғандардың көпшілігі видеоның өтірік екеніне сенбей отыр.


Жаңалықтар
0