АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Тек батыста фронттардың өтуіне байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде жауын-шашын түседі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын болады.
Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, күндіз желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде Қостанай облысында тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жаланашкол ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болжанады.