АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, 2017 жылды қорытындылады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі ресми парақшасында.
Сұхбат барысында Қазақстан президенті бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Атап айтсақ, Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 милионнан аса қандасымыздың көшіп келгенін жəне ұлы көштің əлі де жалғасып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны жайлы пікірін білдірді.
Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 25 желтоқсанда республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі.