АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 7 тармақшаларында (Кісі өлтіру) және 119-бабында (Қауіпті жағдайда қалдыру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды.
Гильмутдинов сотта кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді, Алла Волченко үлкен ұлы – екі жасар Равильге қатысты ата-ана құқығынан айырмауды сұрады.
Сот үлкен ұлды әкімдік жанындағы қамқоршылық органдарына беруге қаулы етті.
Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылған еді. Оларды балалардың анасымен бірге тұратын ер адам өлтірген болып шықты. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.
Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.