АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Меценат, жазушы әрі әнші Ник Вуйчичтың отбасында егіз қыздар дүниеге келді.
Вуйчич қуанышты хабармен Facebook желісінде бөлісті. Қыздар 20 желтоқсанда Калифорнияда туған.
Егіз қыздардың аттарын Оливия Мэй және Элли Лаурель деп қойды.
"Канаэ мен қыздардың жағдайы жақсы!" — деп жазды Ник Вуйчич.
Канаэ мен Ник Вуйчичтың егіз қыздардан үлкен екі ұлы бар – төрт жастағы Киёси Джеймс пен екі жарым жастағы Деян Леви.
Балалардың денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ.