Әлем

Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

© Photo : Hans KretzmannҚыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық оқушы құрбысын өлтіру арқылы ойдан шығарылған кейіпкердің көмекшісі болуды жоспарлаған

АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Америкада 12 жастағы сыныптасын пышақтаған оқушы қыз сот шешімімен 25 жылын жындыханада өткізеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда көңілдесін өлтірген әйел ұсталды

Оқиға 2014 жылдың маусымында Висконсин штатында болған. Полицияның ақпаратынша, Анисса Вейер мен Морган Гейзер сыныптастарын алдап орманға апарып, оған тап берген. Вейер құрбысына 19 рет пышақ сұққан, алайда жәбірленуші аман қалды. Ол кезде үш қыз да 12 жаста болыпты. 

Жауап алу барысында қылмыс жасаған екі оқушы Жіңішке адам (Слендермен) туралы әңгімелерден жігерленіп, құрбыларын өлтіру арқылы оның көмекшісі болуды ойлағанын айтты. 

Сот шешімімен Вейер мерзімінен бұрын шығуға өтініш бермес бұрын, психиатрия ауруханасында кем дегенде үш жылын өткізеді. 

Жіңішке адам, немесе Слендермен (Slender Man) — ойдан шығарылған кейіпкер. Ол туралы әңгімелер интернет-қауымдастықта 2009 жылдан бері кең тараған. Қолдары ұзын қаскөй балаларды ұрлайтын көрінеді.

Жаңалықтар
0