АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Айғаным Ниязбек "Шымкент аруы-2017" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Отырар".
Айғаным Ниязбек байқауда бақ сынаған 18 қыздың арасынан топ жарды.
Енді Шымкент аруы келесі жылдың наурызында республикалық сұлулық байқауына қатысып, "Қазақстан аруы" атағына таласады.
Ал әзірге Шымкенттің ең сұлу бойжеткені 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа, "Нәзік" той көйлегі салонына алтын сертификат пен SPA-салонның жылдық абонементіне ие болды.
"Шымкент аруы-2017" байқауын еліміздегі ең басты сұлулық конкурсының негізін қалаған Алена Ривлина-Кырбасова тамашалады. Ол финал кезеңінде әділ қазылар алқасының құрамын басқарды.