Өңірлер

Қарағандыда бір топ риелтор сотта айыпты деп танылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотталушылар
Сотталушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда бір топ риелторға қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда алаяқтықпен ақша тауып келді деп айыпталған 8 риелторға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Астана.

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда әйел адам арзан пәтер тауып беремін деп жұртты алдаған

Топтың басшысы Марат Нөкербековтің бас бостандығы 4 жылға шектелді. Сондай-ақ, ол 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды. 

Оның нұсқауымен жұмыс істеген 7 менеджер оңай жазамен құтылды. Сот олардың үшеуінің бостандығын 1 жылға, тағы біреуінікін 1 жарым жылға шектеді. Жылына 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Шекара аса алмайды, ел ішінде тұрғылықты мекенжайы өзгерсе, құқық қорғау орындарын ескертуі тиіс. Өзге 3 айыпталушы жауапкершіліктен босатылды. 

Еске сала кетсек, сотталушы Марат Нөкербеков бірнеше кеңсе ашып, сыбайластарын отырғызған. Олар пәтер жалдағысы келген адамдармен келісімшарт жасасып, ақысына ақша алып отырған. Жалған баспаналардың телефон тізімін ұсынады. Осылайша 80-ге тарта адам алданған. Арасында Қарағандыдан басқа аймақтардың да тұрғындары бар.

Жаңалықтар
0