Қоғам

Шенеуніктер түрмедегі Ермегияевтің бар жағдайын жасаған

© SputnikТалғат Ермегияев
Талғат Ермегияев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық жасаған лауазымды тұлғалар жазаланды.   

ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ахметов пен Ермегияев ұрлаған ақша қалай қайтарылғаны белгілі болды
Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ведомство Астанадағы ЕЦ 166/10 мекемесінің лауазымды тұлғаларының Талғат Ермегияевке жазасын өтеуге қолайлы жағдай жасау фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізген.  

 Заңды және қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін 20 желтоқсан күні 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның бірі ұнамсыз әрекеті үшін ішкі істер органдарынан қуылса, 12-і лауазымды қызметтен босатылды.   

Қылмыстық атқару-жүйелері комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков пен оның орынбасары Бекболат Төремұратов ескерту жасалды.     

Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусымында аса ірі көлемде пара алды және өзгенің мүлкін талан-таражға салды деп айыпталып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.     


Жаңалықтар
0