АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында жантүршігерлік оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Тонаушылар теледидарды алып кету үшін екі ересек және бір баладан тұратын отбасыға оқ жаудырды, деп хабарлады life.ru.
Кадрда қару ұстаған қарақшы балалы әйелді қуып келіп, оқ атқаны көрінеді. Кейін бөлмеге ер адам кіріп келеді, қылмыскер оның басынан атады.
Осыдан соң тонаушы мен оның сыбайласы қабырғадағы теледидарды жұлып алып, қылмыс орнынан кетіп қалады.
Қарақшылық шабуыл салдарынан басынан жарақаттанған отағасы ауруханаға жатқызылды, ал оның зайыбы қашамын деп аяғын сындырып алған болып шықты, бала жарақат алмаған. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр, деп жазды Daily Mail.