Саясат

БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі де Мистура Астанаға жұма күні таңертең келеді

© Sputnik / Болат ШайхиновСтаффан де Мистура
Стаффан де Мистура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кезекті кездесу жұма күні таңертең өтеді

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия бойынша келіссөздерге қатысу үшін жұма күні Астанаға келеді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Сирия бойынша келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ердоған Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің тиімділігін атап өтті

Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша кездесулердің сегізінші раунды елордамызда 21-22 желтоқсан күндері өтеді.

"Барлық қатысушылар, делегациялар, оның ішінде БҰҰ өкілдері Астанаға келді. БҰҰ делегациясы басшысы Стаффан де Мистура Астанаға ертең таңертең келеді. Сириялық оппозициядан 20-дан астам адам болады", — деді Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның сөзіне сүйенсек, Астанала сарапшылар кездесуі бейсенбі күні басталып кетті, ол жабық режимде екі жақты және көпжақты форматта өтеді. Кездесу барысында техникалық мәселелер қарастырылмақ. Жалпы отырыс жұмаға жоспарланған.

Жаңалықтар
0