АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанға "Қорғас" шекаралық орталығы арқылы 250 келі қара уылдырық алып өтпек болған әйел адам ұсталды, деп хабарлайды республиканың ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.
"Қорғас" өткізу пунктінің жасағы Қазақстан мен Қытай шекарасында қара уылдырық алып өтпек болған 26 жастағы әйелді ұстады. Жүктің жалпы салмағы 250 келі болған.
Сол күні тағы бір қазақстандық алты ішікпен ұсталған.
Бұл деректер бойынша тиісті органдарға хабар берілді.