Оқиға

Келінінен ауыр сөз естіген ОҚО тұрғыны жантүршігерлік қылмысқа барды

CC0 / Bernd Schray / Қарт адам, архивтегі фото
Қарт адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келінін пышақтаған Дәулетбек Рахманалиевтің ісі сотта қаралып жатыр

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik.  Оңтүстік Қазақстан облысында қайын атасы келінін пышақтап тастады. Ол келінінің ауыр сөздерін көтере алмаған, деп хабарлады Otyrar.kz. 

Айдың-күннің аманында, күндіз, арақ-шарапқа масаймай-ақ қылмысқа барған кісінің ісі облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралып жатыр.

Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда 34 жастағы әйел екі баласын пышақтап өлтірді
Кикілжіңнің басы сөзге келуден басталған. Үй іргесіне көлік қоюға рұқсат берген атасының сөзіне келіні қарсы шыққан. Жоқ жерден жанжал шығып, қайын атасы келінін жарақаттау мақсатында асхана пышағын алып, келінінің соңынан ереді.

 "Асхана пышағын жасырып, балалары қылмысты пиғылын іске асыруға кедергі келтірмесін деп, келінінің соңынан дәретханаға кірген. Сол иығының үстінен пышақпен соққы жасаған. Жаны ұшырған келіні көмекке шақырып, дәретханадан қашып шыққан. Аулада тұрған балалары әкесінің қылмысты пиғылын соңына дейін орындауға кедергі болады", — дейді ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Мырзахмет Сейдахметұлы. 

Келінімен кикілжіңге келген қайын атасы өлтірмек ниетінің болмағанын айтады. Пышақтап сабақ беріп, сабасына түсірмек бопты.

"Өлтірем дегенім жоқ, сабасына түсіргім келді. Сабақ болсын дедім. Оның боғауыз сөздеріне шыдай алмадым. Мұндай боғауызды ешкімнен естіп көрген емеспін. Келінім бұрын да сотты болған. Өзі есепте тұрады. Өлтіргім келмегенін тағы қайталап айтамын", — деді сотталушы Дәулетбек Рахманалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша сот ісі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында жалғасып жатыр.

 

Жаңалықтар
0