АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. "Ақкент" тұрғын үй кешені аумағынан 17 жастағы алматылықтың жансыз денесі табылды, деп хабарлады Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Instagram-дағы zhest_kz тобында жарияланған суретте үйдің ауласында адамның мәйіті жатқаны және айналасы қоршауға алынғаны көрінеді.
"Алматы қаласының "Ақкент" шағын ауданында 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылуы дерегі бойынша Алатау ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр", — деп түсіндірді Әзірбек.
Оқиғаның қалай болғаны жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.