АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Семейде 13 желтоқсан күні ХҚКО-дан шығып, сол күйі хабарсыз кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Сол күні әкем екеуміз орталық халыққа қызмет көрсету орталығына мекенжай анықтамасын алуға бардық. ХҚКО-дан шыққаннан кейін, әкем үйге қарай кетті. Ол сол жағалауда, Жаңа құрылыс ауданында тұрады. Осыдан кейін біз оған мүлде хабарласа алмадық. Оның жоғалып кетуіне ешқандай себеп жоқ. Бар білетінім, сол күні өзімен бірге 14 мың теңге ақшасы болған. Полицияға өтініш жаздық. Қала тұрғындарынан әкемді табуға көмектесуін сұраймын", — деді жоғалған ер адамның ұлы Айбек Жаппаров.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер жедел іздестіру шараларын бастап кеткен. "Rina.KZ Семей" еріктілері ер адамның суретін әр жерге жабыстыруды жоспарлап отыр.
Жоғалған күні ер адамның басында қара түсті бас киім, үстінде сұр куртка, көк джинсы шалбары мен аяғында қара бәтеңке болған.