АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Ақмола облысында үш балаға иіс тиді, біреуі қаза болып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент хабарлағандай, оқиға 19 желтоқсанда Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Жалғызқұдық ауылында болған.
"Жеке тұрғын үйде көмір жағылатын пештен ақау шығып, үш балаға иіс тиді. Екі жасар бала қаза болып, 6 және 10 жасар екі бала ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады ТЖД.
Үшеуі де бір отбасының балалары.