Өңірлер

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жел күшейеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтужел
жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Тек оңтүстік және оңтүстік шығыста кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысында көктайғақ болады.


Жаңалықтар
0