АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Ресейде Ненец автономды округында Ан-2 ұшағы жерге құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Ан-2 ұшағы Нарьян-Мардан Харута ауылына аттанып, әуежайдан ұшқан бойда құлаған. Бортта екі экипаж мүшесі мен он бір жолаушы болған – ІІМ округтік басқарма қызметкерлері мен ресурстар, экология және агроөнеркәсіп кешені басшысы.
Деректерге сүйенсек, борттағы екі адам қаза тауып, қалғандары әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Тергеушілер ұшақты пайдалану және қауіпсіздік ережесінің бұзылуы туралы қылмыстық іс қозғады.