АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Астанада бағдарлы автобус екінші қоғамдық көлікпен соқтығысып, аялдамаға бір-ақ соғылды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, оқиға Сейфуллин көшесінде болыпты.
"18 желтоқсанда 9.00 кезінде №26 бағдарлы автобустың жүргізушісі "Астаналық базар" аялдамасына жақындай бергенде, №40 бағдарлы автобуспен соғылады. Салдарынан 40 автобустың кондукторы мен №26 автобустың жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды", — дейді департамент.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.