Оқиға

Алматы тұрғыны жалғыз басты ананы зорлап өлтірген

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында кісі өлімі болды, ұсталған азамат мас болдым деп ақталған

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Алматы тұрғынына жалғыз басты ананы зорлап, өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айғақ заттар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді өлтірген жауыз мәйіттерді қорлаған

Оқиға Көксу ауданында, Теректі ауылында 17 желтоқсанда болған, жеке үйлердің бірінде 36 жастағы әйелдің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылыпты.

Аудандық полиция қызметкерлері алғашқы сағаттарда күдіктіні анықтады. Ол сол ауылдан ұсталған.

Бастапқы мәлімет бойынша, жалғыз басты ананы ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген. Жәбірленуішнің денесіндегі белгілер бойынша әйел адамды зорлаған болуы да мүмкін.

"Кісі өлтірді деген күдікпен Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Біздің деректер базасына сүйенсек, күдікті бұрын ұрлық және тонаушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ұсталған жігіт қылмыс жасаған кезде қатты мас болдым деп ақталды", — делінген облыстық полиция хабарламасында.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалған. Алты жастағы қызды тәрбиелеп отырған әйел жеке үйге жақында ғана көшіп келіпті, көршілерін әлі танымайды екен.

Жаңалықтар
0