Саясат

ҰҚК мен РФ Тергеу комитеті бірігіп тергеу жүргізу туралы келісті

© Photo : КНБ РКАрнайы операция
Арнайы операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Ұлттық қауіпсідік комитеті мен Ресей Тергеу комитеті бірлесіп тергеу жүргізуге келісті

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов пен Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесіп, екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды РИА Новости ТК хабарламасына сілтеме жасап.

"Тараптар жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша бақылауды күшейту қажеттігін атап өтіп, бірлесіп тергеу жүргізу туралы да сөз қозғады", — делінген хабарламада.

Бұл мүмкіндік ТМД елдері аумағында бірлескен жедел тергеу топтарын құру және олардың қызметі туралы келісімде қарастырылған.

Жаңалықтар
0