АСТАНА, 18 желтоқсан — Sputnik. Қазақстындық Данэлия Төлешова "Голос.Дiти" шоуында жеңімпаз атанды. Финалда ол "Океан Эльзы" тобының "Не твоя вина" әнін орындады.
"Мен сенбей тұрмын!!! Достар, қолдау көрсеткен барлығыңызға алғыс айтамын. Сіздерсіз бұл мүмкін болмас еді. Түні бойы ұйықтамай, мені қолдаған қазақстандықтарға көп рахмет", — деп жазған Данэлия инстаграмдағы парақшасында.
Төлешова шоуда жетекшісі болған әнші MONATIK-ке алғыс айтты.