Өңірлер

Ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түседі

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуқыс
қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі  болжанып отыр. 

Алматы облысының  Алакөл ауданында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с —қа дейін күшейеді. 

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман болады.   


Жаңалықтар
0