АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында "Құқықтық тәртіп" шұғыл-алдын алу шарасы аясында іздеуде болған тоғыз қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Alau.kz.
Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында 12-14 желтоқсан аралығында өткізілген шараға мыңнан астам полицей, жүздеген Ұлттық гвардияның әскери қызметкері қатысты. Операцияға полицияның қоғамдық көмекшілері де тартылды.
"Құқықтық тәртіп" кезеңінде полицейлер бұрын жасалған 16 қылмысты ашты. Іздеуде болған 9 қылмыскер ұсталды.
"Тыйым салынған заттарды сақтағаны және алып жүргені үшін 10 адам ұсталды, олардан ұсақ калибрлі винтовка, 50 оқ-дәрі, тегіс ұңғылы қарудың 4 оқпаны, пневматикалық тапанша, екі пышақ тәркіленді. 0,21 грамм героин және 20,46 грамм марихуана заңсыз айналымнан алынды", — деп хабарлады ведомство.
1951 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.