АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік дудл жасады.
Тематикалық суретпен берілетін дудл желідегі басты бетте орналасқан. Қалықтаған қыран бейнеленген суретті бассаңыз, "Қазақстанның Тәуелсіздік күні" сауалы бойынша іздеу басталады.

Тәуелсіздік күніне арналған дудл
© Photo : Google
Google әдетте елеулі оқиғаларға байланысты дудл жасап отырады. Былтыр Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай істелген дудлда "Алтын адам" бейнеленген болатын.
