АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жээнбеков қырғыз-қазақ қарым-қатынасының "одақтастық пен стратегиялық серіктестік аясында" дамып, екі елдің мүддесі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
"Сізге зор денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіңізде мол табыс тілмеймін, ал бауырлас Қазақстан халқына – бейбітшілік пен құт-береке", — делінген Қырғыз Республикасының президенті құттықтауында.