АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хат жолдады. Бұл туралы ӘР президентінің сайтында хабарланған.
"Өзімнің және Әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын", — делінген хатта.
Ол бауырлас Қазақстан мемлекеттілікті нығайту ісінде, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салаларда едәуір жетістіктерге жетіп, әлемдік қауымдастықтың белсенді және беделді мүшесі атанғанын атап өтті.
"Әзірбайжан-Қазақстан мемлекетаралық қарым-қатынасы, өзара сенім мен қолдауға негізделген достығымыз бен серіктестігіміз, бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі дами беретініне сенемін", — делінген құттықтауда.
Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.