Қоғам

Өмірзақ Шөкеев премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болды

© Sputnik / Максим МасловӨмір Шөкеев
Өмір Шөкеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін бұл лауазымды Асқар Мырзахметов атқарған болатын

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Өмірзақ Шөкеев ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.   
• Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
• ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
• 1991—1993 жылдары Президент әкімшілігі мен министрлер кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 
• 1993—1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
• 1995 жылдан бастап — ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері қызметтерін атқарған.
• 1997 жылдың  қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін — «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
• 1998 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында  — ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
• 1998 жылдың тамызынан — Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
• 2004 жылдың наурызынан Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
• 2006 жылдың қыркүйегінен — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
• 2007 жылдың тамызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары
• 2009 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары
• 2011 жылдың 26 желтоқсанынан бүгінге дейін — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы. 

Жаңалықтар
0